Қазақстандағы байланыс операторлары 4G қызметін ұсынуға рұқсат алды

Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қолданыстағы жиіліктер және қосымша жиіліктер бөлудің «технологиялық бейтараптылық» тұжырымдамасы бойынша ұялы байланыс операторларына 4G қызметін көрсету құқығын беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің баспасөз қызметі. Дереккөз: inform.kz

1
4g lte байланыс оператор

ҚР ИДМ инвестициялар және даму жөніндегі вице-министрі Сәкен Сәрсеновтің айтуынша, 4G желісін іске қосу операторларға деректерді жедел берудің жоғары жылдамдығын қамтамасыз етуге және абоненттерге көрсетілетін ұялы байланыс қызметінің ауқымын кеңейтуге мүмкіндік беріп қоймай, ұялы деректерді жоғары жылдамдықтарда таратып, экономиканың түрлі салаларында жаңа технологиялардың енгізілуіне ықпал етеді.

Сонымен бірге, С.Сәрсеновтің хабарлауынша, бұдан әрі операторлар тұрғындары 500 және одан да көп елді мекендерді, сондай-ақ елдегі барлық республикалық және облыстық маңызы бар автокөлік және темір жолдарды  ұялы байланыспен қамтамасыз етеді.

Естеріңізге сала кетсек, LTE желісі алғаш рет 2012 жылы 25 желтоқсанда Астана мен Алматыда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасын орындау және Кеңжолақты деректерді беруді дамытудың стратегиялық  бағдарламасын жүзеге асыру аясында іске қосылды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

  1. LTE яғни ол 4G дегеніміз жақсы ғой. Байланыс операторларының арасында сұмдық бәсекелестік орнатады. Онысы қарапайым халлыққа жақсы. Бірақ байланыс операторлар қамту аумағын кеңейтсе екен. Темір жол арқылы Шымкент-Алматы бағытына отырсаң желі ұстамай қаныңды ішеді. Осы арлықта біршама жұмыстарыңды істеп тастауға болады. Бірақ қолды байлайды!

Пікір қосу