Криштиану Роналду “Алтын доп” иегері атанды

Португалия ұлттық құрамасы мен «Реалдың» ойыншысы Криштиану Роналду төртінші рет «Алтын доптың» иегері атанды. Дереккөз: vesti.kz

0
Криштиану Роналду Алтын доп жұлдесін алды

Криштинау Роналду осыған дейін 2008, 2013 және 2014 жылдары үш рет “Алтын допты” алған еді. Бұл төртіншісі. Алайда, ол жүлденің салтанатты табысталу рәсіміне қатысқан жоқ. Себебі, “Реалдықтар” қазір жапониядағы әлем чемпионатына кеткен. Ал, Роналдудың басты бәсекелесі саналатын Лионель Месси аталған жүлдені бес рет алған еді.

Айта кетейік, “Алтын доп” жүлдесіне барлығы 30 футболшы үміткер болған. Жеңімпаз спорт журналистерінің дауыс беруі арқылы анықталды. Оның нәтижесі төмендегідей:

1. Криштиану Роналду (клуб – “Реал”/гражданство – Португалия)
2. Лионель Месси (“Барселона”/Аргентина)
3. Антуан Гризманн (“Атлетико”/Франция)
4. Луис Суарес (“Барселона”/Уругвай)
5. Неймар (“Барселона”/Бразилия)
6. Гарет Бэйл (“Реал”/Уэльс)
7. Рияд Марез (“Лестер”/Алжир)
8. Джейми Варди (“Лестер”/Англия)
9-10. Пепе (“Реал”/Португалия)
9-10. Джанлуиджи Буффон (“Ювентус”/Италия)
11. Пьер-Эмерик Обамеянг (“Боруссия” Дортмунд/Габон)
12. Руй Патрисио (“Спортинг” Лиссабон/Португалия)
13. Златан Ибрагимович (“Манчестер Юнайтед”/Швеция)
14-15. Артуро Видаль (“Бавария”/Чили)
14-15. Поль Погба (“Манчестер Юнайтед”/Франция)
16. Роберт Левандовски (“Бавария”/Польша)
17-19. Димитри Пайе (“Вест Хэм”/Франция)
17-19. Тони Кроос (“Реал”/Германия)
17-19. Лука Модрич (“Реал”/Хорватия)

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу