Қазақстанда 1 қаңтардан жаңа Еңбек кодексі күшіне енді

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан елімізде жаңа Еңбек кодексі өз күшіне енді. Дереккөз: inform.kz

0
Еңбек кодексі

Айта кетерлігі, жаңа кодекс Елбасы Н.Назарбаев айқындаған бес институционалдық реформадағы тапсырмаларды іске асыруға бағытталады. Сонымен қатар, құжат еңбек қатынастарын реттеудің жаңа моделін қамтиды. Ол Халықаралық еңбек ұйымының, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының еңбек стандарттарына негізделген.

Жаңа Еңбек кодексі еңбек қатынастары саласында жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында мемлекеттік араласу шегін айқындауды, еңбек қатынастары субъектілерінің рөлі мен жауапкершілігін жіктеуді ұсынады. Кодексте жұмыс берушілер үшін бір жағынан белгілі бір көлемде жұмысқа жалдау, кадрлық жылжу, жұмыстан босату, қызметкерлерінің еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеу рәсімдері жеңілдетілген. Екінші жағынан қызметкерлердің базалық еңбек мүмкіндіктері мен құқықтары белгіленіп, жеке ұжымдық шарттар мен келісімдер арқылы кеңейту көзделген. Осылайша, өз дәрежесінде дамымай келген келісімдер мен ұжымдық шарттар рөлін көтеру қарастырылған.

«Жаңа Еңбек кодексі жобасы кәсіпкерлікті, еңбек нарығын дамытуды, шетелдік инвесторлар тартуды белсендіре түспек. Бұдан басқа, мүгедектерді, жастарды, отбасылық міндеттері бар адамдарды қоса алғанда, жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарын құруға ынталандыруға бағытталған бірқатар шаралар да қамтылады. Жалпы, кодекс жобасында әлеуметтік қорғау, әділеттілік, екінші жағынан, экономикалық тиімділік арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті үйлестіруді сақтау көзделеді», –  болатын жаңа кодекске қатысты Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу