ұмытшақтық
  • Егер сіз оңқай болсаңыз, тісіңізді сол қолмен жуыңыз, ал егер солақай болсаңыз, оң қолмен жуыңыз. Сонда сіздің миыңыздың екінші жартысы дағдыланып, есте сақтау мен ойлау қабілетіңіз жақсара түседі.
  • Дүкенге барарда алатын заттарыңыздың тізімін қағазға емес, есіңізге сақтаңыз. Әйтпесе, 60 жаста дүкенге барғанда жағдайыңыз қиындай түседі.
  • Әр фильмді көрген сайын басынан соңына дейінгі кадрларды ой тізбегінен өткізіңіз. Бұл жатттығуға 20 секундіңіз кетеді, дегенмен, нәтижесі керемет.
  • Күн сайын түрлі әдеби шығармалар оқып отырыңыз. Кем дегенде аптасына 1 кітап. Сонда 1 жылда -52 кітап, 10 жылда 520 кітап оқыған боласыз!
  • Егер сізге шынымен керемет есте сақтау қабілеті керек болса, күнде бір өлең жаттап отырыңыз, тура сол сызба бойынша, яғни аптасына 1 өлең, жылына 52 өлең.
  • Тағамыңыздың құрамында жер жаңғағы, бал, теңіз орамжапырағы болсын, салмағыңызды ретке келтіріңіз, қыдырыңыз, әрдайым қозғалыста болыңыз!
  • Тағы да айта кететініміз, талайларды таңғалдырар тамаша есте сақтау қабілеті болғанын қаласаңыз, онда темекіден бас тартыңыз! Сонда қандағы азот оксиді дұрысталып, зақымдалған тамырларды реттейді, миыңыз жылдам жұмыс істейтін болады!
  • Ұмытпаңыз, ұмытшақтықтың ең тиімді емі – қырағы болу. Әр нәрсеге асықпай назар салыңыз.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!