Қазақтың бүркітші қызы Оскарға ұсынылды

13 жастағы қазақтың бүркітші қызы туралы деректі фильм Оскар сыйлығының шорт-парақшасына ілікті деп хабарлайды 31.kz.

Дереккөз: 31.kz
0
Айшолпан Нұрғайыпқызы, бүркітші қыз

Моңғолияда тұратын Айшолпан Нұрғайып туралы фильмнің продюсері Дейзи Ридли. Фильмді әлемге әйгілі «Сони» және «20-шы ғасыр Фокс» сынды кинокомпаниялар түсірген.

Айшолпан Нұрғайып осыдан бірнеше жыл бұрын өткен бүркітшілер сайысына қатысып, ең жас бүркітші ретінде әлемдік БАҚ назарына іліккен. Аталған фильмде оның қалай бүркітші болғаны туралы айтылған. Айшолпанның әкесі, ата-бабасы да танымал құсбегі болыпты.

Ал «құсбегілік қыз балаға тән емес деп сынағандар» мен танымал болғаннан кейін өз ойларын дереу өзгертті дейді ол. Қазір 15-ке толған Айшолпан 2 жылдан кейін мектепті аяқтап басқа қалаға оқуға түсуді армандап жүр.

Ал сүйікті ісін ол өзінің сіңлілеріне үйретіп кетпекші. Айта кетейік, Оскар сыйлығы үшін қазір 145 картинаның ішінен 15-і іріктеліп алынған. Ал 5 үздік фильм келер жылдың 24 қаңтарында анықталады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу