УЕФА Кубогы Алматыда өтеді

Жұма күні Ньонда (Швейцария) УЕФА атқарушы комитетінің отырысы өтіп, оның нәтижесі бойынша 2016/17 жылдарғы футзалдан УЕФА Кубогының «Төрттік финалы» өтетін орын анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

0
Кубок УЕФА

Турнирдің шешуші матчтары Алматыдағы 12 мың орындық «Алматы Арена» мұз сарайында өтетін болады. «Төрттік финалына» «Қайрат», «Газпром-Югра» (Ресей), «Интер Мовистар» (Испания) және «Спортинг» (Португалия) қатысады. Жартылай финалдың жеребесі Алматыда өтеді, бірақ оның нақты датасы әлі белгіленген жоқ. Турнир 27-28 және 29-30 сәуір күндері өтеді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!