Желтоқсаншылар, Әсет Исекешев

Елорда басшысы қонақтарды құттықтап, мемлекеттік мерекенің маңыздылығын атап өтті.

«Мемлекет басшысы «Мәңгілік елге» айналу жолында мықты мемлекет құрып, әлемнің өркениеті озған 30 елінің қатарына қосылу мақсатын қойды. Мереке қарсаңында Желтоқсан оқиғаларының қатысушыларына естелік медальдар табыс ету мен үшін және менің әріптестерім үшін үлкен құрмет. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы есте қалар оқиға болады деп ойлаймын», — деді әкім өз сөзінде.

Өз кезегінде марапатқа ие болғандар әкімге алғыстарын айтты.

«Астана – Президенттің төл перзенті. Бұл біздің жоба, мемлекетіміздің келбеті. Қызметіңізде толағай табыстар тілейміз! Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған шараларды, сондай-ақ желтоқсан оқиғасының 30 жылдығын лайықты атап өтейік. Еліміздің жетістіктерін барша әлемге тағы да паш етейік. Қолымыздан келгенше көмек беруге дайынбыз», — деп мәлім етті ҚР Парламенті Мәжілісі аппараты басшысының орынбасары Сабыр Касимов.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!