Алдағы үш күнде ауа күрт өзгеруі ықтимал

Қазгидрометтің мәліметінше, алдағы үш күн, яғни желтоқсанның 6,7,8 күндері Қазақстанның басым аймақтарында қар жауып, боран соғады, көктайғақ болуы ықтимал. Дереккөз: kazhydromet.kz

0
Синоптик боран ауа-райы

Сондай-ақ кей жерлерде тұман түсіп, ауа температурасы климаттық нормадан 3-6 градус жоғары болады деп күтіліп отыр.

Елордада ауа температурасы -5 -7 градус аралығын көрсетіп, қар жаууы ықтимал.

Алматы қаласында сынап бағанасы +8 +10 градус аралығын көрсетеді.

Еліміздің шығысы Семей мен Өскемен қалаларында ауа температурасы -5 -6 градусты көрсетсе, батыс өңірлерде сынап бағанасы -10 -16 градусты көрсетеді деп болжануда.

Петропавлда ауа температурасы -20 градусқа дейін төмендеп, қар жаууы мүмкін.

Республикамыздың оңтүстік өңірлерінде +4 пен +7 градус аралығындағы көрсеткіш сақталады деген болжам жасалынды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!