Өзбекстанның президенті Шавкат Мирзияев болды

4 желтоқсан күні өткен Өзбекстан президентінің сайлау нәтижесі шықты. Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

0
Шавкат Мирзияев
Шавкат Мирзияев

Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауда 17 млн. 941 мың 955 адам дауыс берді, бұл жалпы халықтың 88 пайызын құрайды.

Сайлау нәтижесі бойынша, либеральдық-демократиялық партиясы атынан түскен президент міндетін атқарушы Шавкат Мирзияев 88,61 дауыспен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Мирзияевпен бірге сайлауға Халық -демократиялық партиясынан Хатамжон Кетмонов, социал-демократтардан Нариман Омаров және демократиялық партиядан парламенттің төменгі палатасының вице-спикері Сарвар Отамуратов қатысқан еді.

Айта кетейік, сайлау нәтижелері жарияланбай тұрып Шавкат Мирзияевтің штабында жеңісті атап өтуге дайындық басталып кеткені туралы ақпарат тараған еді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу