Арт Азия Алматының арқасында қайталанбас Монтенегроны таныдым

«All Давайды» Қазақстанда жақсы біледі. Әндерін тыңдап өскендер үшін топ тіпті де ыстық. Ал ұжым құрылғалы бері бүтіндей бір ұрпақ есейіп, ер жетті: алдағы жылдың наурыз айында «All Давайдың» құрылғанына 17 жыл толады.

0
Шоқан Маратұлы

Жігіттер бұрынғыша жиі гастрольге шығады, жаңа әндер жазып, жаңа альбом әзірлеп жатыр. Оларды тойға, концерттерге, салтанатты қала шараларына шақырып жатады. Бұған қоса әншілер бизнесті де қатар алып келе жатыр. Жақында Алматыдағы сәнді демалыс орындарының біріне айналады деп үміттендіріп отырған «Сова» түнгі клубын ашты. Қысқасы, жұмыс қызып тұр. Алайда мұндай қарбалас өмір бір сәт демалысты да талап етеді екен. Топтың солисі  және продюсері Шоқан Маратұлы жақында Черногория атты шағын еуропалық елді көріп келіп, қысқа, бірақ естен кетпес демалысы туралы өз әсерімен бөлісті.

– Шоқан, неге дәл осы Черногорияны таңдадыңыз?

– Өмірім қарбаласқа толы: аз ұйықтаймын, жұмысты көп істеймін, шаршаймын. Бір апта уақыт тауып, Монтенегроға барып қайту бақыты бұйырды, айтпақшы итальяншаласа, бұл таңғажайып әдемі елдің атауы осылай болады екен. Таңдауды аяқ асты жасадым, әйтеуір бір демалатыным белгілі еді, бірақ қайда баратынымды білген жоқпын. Черногория туралы түрлі адамдардан жақсы-жақсы пікірлер естіген болатынмын. Бірақ, шынын айтқанда, «Черногория» атауынан бір кеңестік белгі көретіндей болып тұрамын (күледі).

– Турфирманы таңдауыңызға не әсер етті?

– Жұмысыма байланысты ұшақпен жиі жолға шығамын. Бірде әуежайда «Арт Азия Алматы» туристік компаниясының промоутерлерін жолықтырып қалдым. Сүйкімді қыздар екен. Менен анкета толтыруды өтінді, бірақ уақыттан кейін презентацияға шақырды. Түрлі бағыттың арасынан Черногорияны таңдап алдым, осы мемлекетті көргім келді.

– Өкінбедіңіз бе?

– Жоқ, керісінше, шағын ел, оның қызыққа толы тарихы, бай мәдениеті, жұмсақ климаты ерекше ұнады. Тұзды, суық, бірақ өте таза Адриатика теңізінен керемет әсер алдым. Шомылудан рахат аласың. Черногория туралы әңгімесін бастаған экскурсияшылар Байронның мына сөзін жиі айтады: «Біздің ғаламшар пайда болған сәтте жер мен теңіздің ең ғажап кездесуі Черногорияда болған екен. Табиғаттың ең асылы таралғанда, бұл жерге сол байлықтың көбі бұйырыпты». Табиғаты таң қалдырады. Тауларына қайран болдым.

– Біздің де таулар тамаша ғой?

– Әрине. Бірақ ол жақтың тауы басқа. Қап-қара, құз-жартасты, құпияға толы…

Таулар

– Сіз тоқтаған қаланың аты…

– Тиват. Черногория – кішкентай ғана мемлекет. Қалалары да шағын, жайлы, өмір сүруге өте қолайлы. Подгорицада (Черногория астанасы), Цетиньеде, Которда, Будвада болдым. Яз жағажайында күнге күйдім, ол Будвадан үш шақырым жерде орналасқан. Су шаңғысын байқап көрдім, тарихи орындарды, қамалдар мен ғибадат орындарын араладым. Қасиетті Жазу бойынша, Иорданда Исаны шоқындырған Иоанн Шоқындырушының қолы сақталған храмды көрдім. Мені Черногорияға аттандырған компания сан алуан бағыттағы көңіл көтеруге арналған түрлі қызметті ұсынды. Уақыт өте жылдам өтті. Демалыс туралы бір ауыз сөзбен айтатын болсам: ғанибет, шаттық, сұлулық!

– Черногорияны үш сөзбен қалай сипаттар едіңіз?

– Пшрут. Бұл – шикідей қақталған, кептірілген еттен жасалатын аса дәмді ұлттық тағам. Дәмі ауыздан кетпейді. Екінші сөз – ержүректік. Черногорияда батырлар ерекше ұлықталады. Тарихына қарасаң, қаратаулықтар кішкентай отандарын қорғап Осман империясымен күресіп өткен. Өжет, отты, қорқуды білмейтін, жауынгер халық.

Шоқан Маратұлы

– Үшінші сөз?

– Қонақжайлық. Адамдары ашық, ақкөңіл, бізге келеді. Қарапайым шаруалармен аудармашы арқылы тілдесіп көрдім. Елдің дәстүрі мен әдет-ғұрпын көріп, ұлттық киімдерін тамашалап, халық мәдениетінің ерекшеліктерін білгім келді. Жергілікті тұрғындар сыйлаған үй шарабын қалай мақтасаң да жарасады.

– Сервис туралы не айтасыз? Туроператормен байланыс тұрақты болды ма?

– Туроператорлар жарады. Барлық мәселені жылдам шешіп отырды, әрқашан байланыста болды. Ұшақтан түскен сәттен бастап мені қарсы алған «Арт Азия Алматы» өкілдері мен қайтып ұшаққа отырғанша жанымда болды. Компания қызметкерлері демалыстың түрлі жолдарын ұсынып, оның жайлы өтуін қадағалап отырды, келісімнің бәрін орындады, барған ел туралы қызық мәліметтер ұсынды, тіпті өлең де оқып берді! Оны кейін instagram-дағы парақшамда жариялаған болатынмын. Владимир Высоцкий Черногорияға «Маған бір өмір аз, Екі жерде тумағанымды қарашы. Черногорияның екінші отаным болмағаны өкінішті» деген сөздер арнаған.

Қыдыру

– Әлдебір жаққа саяхаттаған соң, жақсы әсер алсақ, сол тамаша демалысты ұйымдастырған операторға қайта оралып жатамыз ғой. Сіз «Арт Азия Алматы» компаниясының қызметін болашақта пайдалансыз ба?

– Әрине! Музыканттарға сұраныс артатын жаңажылдық мейрамдар өткен соң тағы бір жаққа барып қайтатын шығармын. Әзірге барар елімнің Бали немесе Гоа боларын шешкем жоқ, бірақ теңіз бен күнді таңдайтыным анық. «Арт Азия Алматы» компаниясы әр клиентпен жеке жұмыс жүргізеді, lux, deluxe немесе жеке апартамент таңдаса да оның таңдауы мен қалауын ескереді. Экскурсиялар мен көңіл көтеру шаралары туралы да осыны айтуға болады. Әр отбасыға жеке гид беріледі.

Шоқан Маратұлы

Толық ақпарат алу үшін:

http://www.art-asia.kz

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!