85 жастағы қария зейнетақысына мешіт салдырмақ

Түркиялық Маниса провинциясының тұрғыны 85 жастағы Фадима Аккайя мешіт салдыруға өз ақшасын аударды. Бұл туралы muslim.kz хабарлайды. Дереккөз: muslim.kz

0
Фадима Аккайя
Фадима Аккайя

Қария осы арманын жүзеге асыру үшін жылдар бойы зейнетақысын жинап келген. Бір жылда 3 мың лирден жинаған қарияның басты мақсаты – өз жеріндегі Ислам дінінің дамуына ат салысып, тұрғындарға пайдасын тигізу.

Фадима әже өзіне тиесілі жерде түрлі көкөністер мен жеміс-жидектер өсіріп, базарда сату арқылы күнделікті тұрмысқа қажетті қаражатын тауып отыр. Қазіргі уақытта ол жаңа мешіт құрылысына ақшасын аударып қойды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу