Ақын Мұхтар Ниязов екінші рет “Алтын домбыра” жүлдесін алды

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы аяқталды.

0
Мұхтар Ниязов
Мұхтар Ниязовтың 2012 жылғы "Алтын домбыраны" алған сәті. Сурет: ©azattyq.org

Жыл сайын ұйымдастырылатын «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысында бас жүлдені қызылордалық ақын Мұхтар Ниязов жеңіп алды. Оған домбырамен бірге 3 миллион теңге сыйақы берілді. Естеріңізге сала кетейік, Мұхтар Ниязов 2012 жылғы “Алтын домбыраны” да алған еді. Бұл екінші рет жеңуі.

Ал, 1-орын мен 2 млн теңгелік сыйақы Болатбек Оразбаевқа, 2-орын мен 1 млн теңге Жансая Мусинаға бұйырды. Серікзат Дүйсенғазы, Мейірбек Сұлтанғазы, Иранғайып Күзенбаев пен Өміржан Көпбосынов 3-орынға табан тіреп, әрқайсысы 300 мың теңгеден алды.

Биылғы жыр додасында төрелік еткен: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтаев, Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбілов, филология ғылымдарының докторы Қойлыбай Асанов, «Дарын» сыйлығының лауреаты Мұхамеджан Тазабек, «Дарын» сыйлығының лауреаты Дәулеткерей Кәпұлы сынды танымал ақындардан жасақталған қазылар алқасы.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!