Алматы жастары арасында «Бұрынғы арландар мен бүгінгі тарландар» атты пікірсайыс турнирі өтті

«Нархоз» университетінде жастар арасында «Бұрынғы арландар мен бүгінгі тарландар» пікірсайыс турнирі өтті.

Пікірсайыс, жастар

Турнирге бүгінде әр саланың білікті маманы саналатын еліміздің жан-жағынан пікірсайыстың аға буындары келді. Оның ішінде Нұрбек Матжани, Мақсат Жақау, Жасұлан Кушебаев, Мақсат Сералы, Нұржан Әбдіразақов, Мақсат Халықов бар.

Пікірсайысшылардың «Қағазбастылықтан жұмысбастылыққа көшу», «Азаматтық қоғамды қалыптастыру» механизмдері , «Қазіргі қоғамды «құл» етіп отырған басты фактор» сынды мемлекеттік деңгейдегі мәселелерді талқылап, жастардың қоғамдық-саяси өмірге етене араласуына мүмкіндік берді.

Аталмыш шара Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойы қарсаңында, қала жастарының жан-жақты дамуына әсер ету мақсатында ұйымдастырылды. Атап айтсақ, пікірсайыс ойындары жастардың тұлғалық қалыптасуына, сапалы білім иесі болуына, сонымен қатар еркін ойлап, ойын жүйелі, ашық айта алуға септігін тигізеді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу