Жансая Әбдімәлік шахмат

21 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Вроцлав қаласында гроссмейстерлер арасындағы халықаралық әйелдер турнирі өтті. Сайыс Халықаралық гроссмейстер Кристина Радзиковскаяны еске алуға мақсатында ұйымдастырылды. Оған Польшаның әйелдер құрамасы, Бакудегі шахматтан Олимпиаданың күміс жүлдегерлері мен Еуропаның өзге де шахматшылары қатысты.

Турнир барысында Жансая төрт рет тең түсіп, бес рет жеңіске жетті. Осылайша, тоғыз турдың қорытындысы бойынша отандасымыз жеті ұпай жинап, бірінші орын иеленді.

Айта кетсек, Жансая Әбдімәлік қыздар арасындағы төрт дүркін әлем чемпионы, халықаралық шебер және гроссмейстер. 2013 жылдың қорытындысы бойынша Азияның үздік шахматшысы (20 жасқа дейін) атанды.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!