Наурыз мейрамын ЮНЕСКО мәдени мұра ретінде қабылдады

Наурыз мерекесі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енді. Мұндай шешім 30 қарашада Эфиопияда өткен Материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі комитеттің отырысында қабылданды. Дереккөз: BAQ.kz

0
Наурыз мейрамы

Centralasian.org-тың хабарлауынша, Ауғанстан, Әзірбайжан, Үндістан, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркіменстан және Түркия елдерінің бірігіп жазған өтініштерінің негізінде ЮНЕСКО наурызды материалдық емес мәдени мұра ретінде мойындады. Бұл елдерде Жаңа жыл 21 наурызда Новруз, Нав-враз, Неороз, Наурыз, Нооруз, Наврӯз, Невруз немесе Наврўз ретінде аталып өтіледі.

«Екі апта бойында әртүрлі салт-дәстүрлер сақталып, арнайы тағамдар пісіреді, отбасылар бір-бірлерінің үйлеріне қонаққа барады, арнайы жоралғылар жасайды, көшелерде сахналық қойылымдар қояды»,- делінген ЮНЕСКО хабарламасында.

Комитет отырысында сонымен бірге Тәжікстан мен Өзбекстанның «оши палауын» да ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілу ұсынылды.

 

 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!