Билли Джо Сондерс
Билли Джо Сондерс. Сурет: ©xsport.ua

boxingscene.com порталының мәліметінше, Билли Джо Сондерс қазақстандық боксшыдан тайсалмайды.

«Мен топас емеспін. Головкинді күшпен ұта алмайтынымды білемін. Мен оның ырғағын бәсеңдетіп, өз соққыларымды дарытып, айламен жеңемін. Оның үстіне Головкин 34-ке аяқ басты, ал мен бабыма енді келдім», – деп мақтанды Сондерс.

Айта кетейік, әзірге Сондерс пен Головкин арасында жекпе-жек өткізу туралы әңгіме жоқ. Қазақстандық боксшы WBA тұжырымы бойынша қазіргі әлем чемпионы америкалық Дэниел Джейкобспен келіссөз жүргізіп жатыр.

 

1 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!