Мектеп автобусы

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай қала мектептеріне оқушы тасымалдаумен айналысатын 19 жаңа автобусты  табыстау рәсіміне қатысты. Жаңа көліктердің кілтін мектеп директорларына облыс әкімі табыс етті.

Айта кетерлігі, мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып тасымалдау мақсатында мемлекет тарапынан 11 мектепке жаңа автобустар табыс етілді. Алдағы уақытта, 3000-ға жуық оқушы мектепке жеке автобустар арқылы тегін тасымалданатын  болады.

Бұған дейін оқушыларды тасымалдау жұмыстары келісім-шарт арқылы жеке кәсіпкерлер  “Абад ЮГ”   ЖШС және «Төлеби  Автобус Паркі» ЖШС арқылы  жүргізіліп отырған болатын.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!