Қытайлық “Титаник” құрастырылып жатыр

Қытайлық компания 1912 жылы Солтүстік Атлантикада суға батқан "Титаник" параходының көшірмесін құрастыруды бастады. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлайды. Дереккөз: tengrinews.kz

0
Титаник, кеме

Wuchang Shipbuilding Industry Group  кеме жасау компаниясы атақты “Титаникке” ұқсатып құрастыру үшін АҚШ пен Ұлыбритания мамандары тартпақ.

Параходтың ұзындығы 29 метр, жалпақтығы – 29 метр болады. Ішкі интерьері викториандық және Ренессанс стилімен жабдықталады. Кеме құрастырушылар мен дизайнерлер әр детальға көңіл бөліп, оның ішінде театр, бірінші санаттағы каюталар, бассейн мен бал кешіне арналған зал да болады. Бұл туралы компанияның бас директорының орынбасары Ван Вэйлин мәлімдеді.

Жаңа кеменің “Титаниктен” айырмашылығы, ол еш рейске шықпайды, мәңгі Даин уезіндегі “Оңтүстік-батыс Қытай, Сычуаньпровинциясы) су қоймасында тұрақта тұрады. Жоба авторларының ойынша, параход осы өңірдің туристтік мақтанышы болуы керек. 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу