Назарбаев жастарға Билл Гейтстен үлгі алуға кеңес берді

Республикалық жастар форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарды кәсіп ашу барысында Билл Гейтс пен Uber қосымшасын жасаушылардан үлгі алуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
Нұрсұлтан Назарбев

«Бил Гейтстің өз компаниясын гаражда жасағанын білеміз және қазіргі уақытта оның трансұлттық компаниясы бар. Сіздер Uber компаниясын да білесіздер. Гаражы да, стансасы да, автомобильдері де жоқ. Ал бірақ, тасымалмен айналысады. Телефонмен қоңырау шаласыз және екі минуттың ішінде машина дайын. Барар жеріңізге жеткен соң, босатасыз. Біз машина сатып аламыз. Статистикалық есептеулерге сәйкес оны күніне 4 сағат пайдаланады екенбіз. Ал ұрлап кетпесін, соғып кетпесін деген уайымы, күту, жанармай құю, жөндеу сынды шығыны қаншама. Ал мына жерде ештеңенің де қажеті жоқ. Бұл технологияны енгізуге байланысты автомобиль шығару қысқаратындығы күтілуге. Мұндай мысалдар өте көп», – деді Елбасы.

Мемлекет басшысы елімізде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жастар кәсіпкерлігіне қолдау көрсету үшін баса назар аударылып отырғанын атап өтті. Тек бірінші жартыжылдықта ғана мемлекет жастардың 55 жобасын қолдаған».

«Біздің міндетіміз – шағын және орта бизнестің экономикадағы өнімнің жартысынан көбін шығаруы. Сонда мемлекет тұрақты болады. Барлық уақытта да ойлау қажет. Мұндайды ойлап шығарғандардан біз кембіз бе? Икемді бизнес экономикалық құбылмалықтан барынша аз зардап шегеді», – деді Назарбаев.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!