Мұнай компаниялары бизнестің өзге түрлерін игергені дұрыс

Қызылорда облысының әкімі мұнай саласында қызмет көрсетуші компанияларға бизнестің өзге салаларын игеруді ұсынды. Дереккөз: 24.kz

0

Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, қазіргі жағдайда өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылық саласына басымдық берген жөн. Өйткені мұнай бағасының күрт төмендеп кетуіне байланысты қара алтынды өндіруші кәсіпорындар шығындары мен инвестицияларды қысқартқан. Ал мұның салқынын ең бірінші қызмет көрсететін мекемелер сезініп отыр. Айта кетейік, облыста 29 мың адам мұнай саласында жұмыс істейді.

“Мұнайдың бір баррелі 114 доллардан 36-ға дейін түскенін біз өте қатты сезіндік. Сыр өңірі үшін бұл оңай болмады деп айтуға болады. Әсіресе мұнай сервис саласында жұмыс істейтін компаниялар үшін ауыр болды. Сөйте тұра, экономикалық ортаның бұрынғы қалыпқа келуі екіталай екендігін түсінеміз”,- деді Қызылорда облысының әкімі
Қырымбек Көшербаев.
Қызылорда облысының әкімі мұнай саласында қызмет көрсетуші компанияларға бизнестің өзге салаларын игеруді ұсынды.
Фото:news.ivest.kz

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу