Yuframe: «Вайнерлер» қалай ақша табады?

Yuframe, Jokeasses, CrooTeam, Batyroff... Инстаграм қолданушылары бұл атауларды жақсы біледі. Вайн түсіру қаншалықты табысты? Бұл туралы Yuframe жобасының менеджері Расул Абдуллаев The-steppe сайтына сұхбат берді.

Дереккөз: The-steppe
0
Yuframe
Сурет: the-steppe

Instagram желісінде 2 млн 200 мың;

YouTube-та 1 миллион жазылушы бар. 

Instagram-дағы алғашқы видео 2015 жылдың 22 ақпанында жарияланған.

Неге Yuframe?

Біздің атауымызды Jokeasses-тегі Назим ойлап тапты. «Yu» Арман Юсуповтың тегінен алынған. Тағы бір мағынасы ағылшынның «you»  яғни «сен» деген сөзі. Ал «frame»кадр. Демек, «сен кадрдасың» деген сөз. Себебі, біздің видеолар шынайы өмірден алынған. Әрбір адам біздің вайндардан өзінің немесе жақын танысының, достарының қылығын көріп, оларды пікірге белгілеп кете алады. Әдетте бір видеоның астына бес мың пікір жазылады, ол дегеніңіз бес мың адамның бөліскенімен бірдей.

Instagram-дағы бизнес

Көрілім санының жоғары болуынан-ақ жазылушыларымыздың «бот» емес, шынайы адамдар екенін білуге болады. Аудиториямыз өте кең: жұмысшылар, бизнесмендер, студенттер, оқушылар — бәрі. Ең көбі, әрине, оқушылар, бірінші, екінші курстың студенттері. Біздің танымалдылығымыздың сыры да осында. Енді бес жылдан кейін жазылушыларымыз төлем жасауға қабілетті аудиторияға айналады. Бұл біздің серіктестеріміз үшін тиімді.

Тікелей жарнаманың шығыны өте көп, сандық реклама болса енді айналысқа еніп келеді, ал AdWords өз маңыздылығын жоғалтып барады. Енді дәстүрлі жарнаманың орнын не басады? Әрине, көп жазылушылар мен ұсыныстар. Оның бәрін вайн-индустрия береді.

Өзара әрекеттестік коэфицентін (engagement rate) зерттей келе, барлық орыс тілді интернетте үшінші орында тұрғанымызды анықтадық. Бізде 2 миллион 200 мың жазылушы бар, бір вайнды миллионнан астам адам көреді. Бұл Тиматидің немесе жартылай жалаңаш бикештердің клипінен де асып түседі.

YouTube-та Инстаграммен салыстырғанда ақша көп. Мысалы, АҚШ-та әр мыңыншы қаралым үшін видиомэйкерлері 3-6 доллар, орта есеппен 4 доллар алады. Бізде ай сайын миллион бір жүз қаралым болады, солайша YouTube-тен 55 мың теңге аламыз. Әзірге. Егер тағы бір-екі жарнама беруші компания қазақстандық YouTube-қа қосылса, бұл сома бірнеше есеге артады.

Бәсекелес пе, әлде дос па?

Қазір барлық қазақстандық вайнерлер бір-бірлерімізге қарсы «соғыспаймыз». Біз әл-Фараби даңғылындағы баннерлер мен телеарналардағы жарнамаға қарсы бірігіп жатырмыз. Басында бір-біріміздің профайлымыздағы жарнама құнын білгіміз келетін. Қазір оның бәрі артта қалды — енді біз доспыз. Бір-біріміздің аудиториямыздың сұранысын жақсы білетініміз соншалықты, Жеке мен Jokeasses-тің біріне жарайтын идея келсе, бірден хабарласып кеңестерімізді беріп отырамыз. Қазіргі таңда Арман мен Jokeasses-тегі Бексұлтан үшеуіміз серіктеспіз, жарнама агенттігіміз бар.

Жарнамалық вайн қанша тұрады?

Бірінші нұсқа — қарапайым product placementОл 200 мың теңге тұрады. Егер клиент 5-бестен артық product placement сатып алса, 10 пайыздық жеңілдік береміз.

Екінші нұсқа — Арман, Карина, Артур, Адина төртеуі жарнаманы өздерінің аккаунттарында бөліседі. Бұл да 200 мың теңге.

Үшіншісінде бренд туралы вайн түсіріп, жарнама берушінің аккаунтын, геолокациясын белгілейміз — барлығы 400 мың теңге. Instashop-қа осындай жарнама жасап беріп, олардың клиенттері артқаны соншалықты, телефонға жауап беріп үлгермей қалған еді.

Төртінші нұсқа — жасырын жарнамасы бар ұзақ ролик түсіріп, YouTube арнамызға саламыз. Оның бағасы өзара келісімді. Бір жыл бұрын бұл видео 400 мың емес, 200 мың теңге тұрған кезде @zakaz_buketovkz ақшасын алдын ала төлеп қойған еді. Қазір табысты.

Бізде жарнамалық жазбаларға арналған медиажоспар бар. Себебі кейбір жарнама берушілер минутына дейін беліглеп, сол аралықта мәтінді 10 рет оқуды сұрайды. Басқа жарнама берушілер маркетинг — жарнама деп ойлайды, ал жарнаманың сатылымды арттыруға арналған немесе идимджді көтеретін бірнеше түрі болатыны оларды қызықтырмайды. Кейбіреулері біздің камераға қарап: «Дөнерді тек осы дөнер орталығына ал»,-деп айтқанымызды қалайды.

Сурет: the-steppe
Сурет: the-steppe

@Yuframe-ге дейін

Yuframe-ге дейін Артур мен Арманда қазақша пранк түсіретін жоба болған. Алайда, алғашқы видеоны түсірген кезде Арманды біреулер ұрып кетті. Бұл біздің менталитеттің пранк түсіруге әлі дайын емес екенін көрсетсе керек.

Арман, Карина, Артур үшеуі №56 мектепте бірге оқыған. Басында олармен бірге Эля деген қыз болды. Ол Арманмен бірге музыка мектебіне барған қыз. Сол төртеуі вайн түсіріп бастап, аккаунт ашып, жазылушылардың санын 2 мың адамға жеткізген. Кейін Eldana Foureyes-пен бірігіп ролик түсіру арқылы, жазылушыларды бес есеге көбейтті. Сөйтіп жүргенде тобымызға тың идея, жаңа шығармашылық көзқарас керек екенін түсіндік те Адинаны шақырдық.

Алғашқыда Yuframe коммерциялық жоба болған жоқ. Сондықтан жарнама берушілерге ақша табу үшін түсірмейтінімізді, керісінше, вайн түсіру үшін ақша табатынымызды айтамыз.

Топта әркімнің өз міндеті бар. Арман — топ көшбасшысы, шабыттандырушысы, монтажды да сол жасайды. Карина — Арманның жары, музасы; барлық жағдайда оған қолдау білдіріп отырады, актерлік шеберлігі де жоғары, өзі де әдемі. Адина — өте креативті ойлайтын қыз, әзілді жақсы түсінеді. Артур — басқарушылық қабілеті бар вайнер, Yuframe Cafe-нің менеджері. Ал, менің түсірілімге қатысым жоқ. Мен тек маркетингтік, әкішілік қызметтерді реттеймін, клиент табамын.

Қазақстандағы вайн

Вайнның елімізде танымал болуы Instagram желісінің дамуына тікелей байланысты. Қазақстандық интернет қолданушылардың 53 пайызы желіге мобильді құрылғы арқылы қосылады. Оның 50 пайызында iOS бар, демек IPhone-ы барлардың бәрі инстаграм-юзерлер деп айтуға болады.

Ең алғашқы вайн түсіруді Қазақстанда қолға алған Queex пен Eldana Foureyes. Олар нарықты қалыптастырды. Ал біз, екінші толқын, солардың қателіктерінен сабақ алдық.

Алғашқы жарнамаға тапсырысты 10 мың жазылушы жинаған кезде алдық. Қазір поштамызға «Братан, жарнама қанша тұрады?» немесе «Бұл рубльде қанша?» деген хаттарды есептемегенде, күніне аз дегенде бес жарнамалық ұсыныс келеді. Жақында жазылушыларымыздың ішіндегі дағыстандықтардың үлесі туралы сұрақ жіберіпті. Лондоннан тапсырыс алып, танысуға арналған мобильді қосымшаларын жарнамалап бердік. Олардың айтуынша, @yuframe-дегі жарнамадан кейін қосымшаны жүктеп алғандар саны артқан. Ал, 2-3 миллион жазылушысы бар ресейлік аккаунттағы жарнама дәл біздікіндей нәтиже бермеген.

Біздің табыс

Бір кездері Шымкенттік бір қыз @youframe @bezumnaya_zhenshina парақшаларының фэйк-аккаунттарын ашты. Оған 200 мың адам жазылып, жарнама берушілер хабарласқан. Ол болса, біздің танымалдылығымызды пайдаланып, табыс тауып отырған. Осыны білген кезде техникалық қолдау көрсету орталығына шағымданып,  парақшаны тартып алдық. Қазір ол @yuframe_cafe-нің парақшасы.

Ай сайын әрқайсымыз 200 мың теңге табамыз. Оған қоса Yuframe Cafe-дегі табысымыз бар. Ол жеке кәсіпкерлік және заңды түрде салық төлеп отырмыз.

«Вайн дәуірі жақында аяқталады»

Саясатқа «тиіспеуге» тырысамыз. Барлық принциптерді сақтап, вайн түсіргеннің өзінде бұл тақырыпқа сын айтушылар табылады. Оны пікірлерден-ақ байқаған шығарсыздар. Біз ешкімнің пікірін өшірмейміз, әркімнің сөз бостандығына құқы бар.

Ресейлік жазылушылардың саны артты. Басында олар бізге «джекичандар» деп пікір жазса, қазір Алматыны көргісі келетіндерін жазады. Соған қарағанда біз Қазақстанның ресейліктер алдындағы имиджін көтердік.

Вайн дәуірі жақында аяқталады, сондықтан YouTube-қа біртіндеп көшіп жатырмыз. Инстаграм да өзгеріп келеді: видео көлемі ұзартылды, алдағы уақытта бизнеске арналған функция қосылады. Сол кезде өз аудиториямыз туралы толық статистика алатын боламыз.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу