Өзбекстан ажырасуға тыйым салады

Ташкенттің сот қазыларына балалары бар жанұяларды ажырастырмауға бұйрық берілді. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап muslim.kz хабарлайды.

Дереккөз: muslim.kz
0
Өзбекстан, отбасы
Көрнекі сурет

Ажырасуға тыйым салу туралы бастама Ташкент әкімі Рахманбек Османовтың баяндамасынан кейін қолға алынды. Қала әкімі 13 қазан күні жасаған мәлімдемесінде «Ташкенттік басшылардың ең басты мақсаты – бұл ажырасуды азайту» деген болатын. Жұбайлар ажырасуға өтініш бергеннен кейін тиісті өтемақыларын төлейді.

Өтініш түсірілгеннен кейін махалла комитеті мен әйелдер комитетінің өкілдері олармен жұмыс жасайды. Егер де араларында балалары болса, онда алдымен жарты жыл беріледі. Содан соң тағы да соңғы әрі нақты шешім қабылдау үшін 3 ай беріледі. Бірақ, сот шешімінің қашан қабылданатыны айтылмайды.

Сондай-ақ, Ташкенттік басшылар ажырасумен күрес мақсатында телеэфирден ажырасқандардың аты-жөнін атап отыруды жөн көріпті. Ал егер бұдан да нәтиже шықпаса, онда олардың суреттерімен бірге көрсететіндіктерін мәлімделді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу