Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев допинг қолданды деп айыпталуда

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Хьюстонда өткен әлем чемпионаты кезінде қазақстандық Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртайдың қанынан допинг табылғанын мәлімдеді.

Дереккөз: azattyq.org
0
Жасұлан Қыдырбаев

Хьюстондағы әлем чемпионатында Алмас Өтешов күміс, Жасұлан Қыдырбаев қола медаль алған.

Үш спортшы да алдағы жарыстардан уақытша шеттетілді.

IWF өз сайтында спортшылардың қандары екінші рет тексерілетінін, егер допинг қолданғандары дәлелденбесе, жарыстарға қайта қатысатынын мәлімдеген.

алмас

Ал екінші тексерісте допинг қолданғандары дәлелденсе, ауыр атлеттер екі жылға спорттан шеттетіліп, Рио-де-Жанейродағы олимпиадаға бармайды.

Хьюстондағы әлем чемпионатында Қазақстанның ауыр атлеттер құрамасы екі алтын, екі күміс бір қола медаль иеленген еді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу