Лаңкестердің көзін жойғаны үшін ақтөбелік «Жыл полицейі» атанды

Жол-патрульдік қызмет полицейі Аслан Есентаев «Жыл полицейі» номинациясында республикалық байқаудың жеңімпазы атанды. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

Дереккөз: ҚазАқпарат
0

«Жыл полицейі» — маусым айында Ақтөбе қаласында орын алған қанды оқиғаға қатысушы. Дәл сол күні ол постта болған, жанындағы қызметкермен бірге атыс болып жатқан жерге баруға бұйрық алады. Аға сержанттың айтуынша, атыс барысында ол бір экстремисті жаралаған. Сол күні Есентаев тағы бір арнайы операцияға қатысқан.

«Қарулы қылмыскерлер Кірпіш көпір маңында блокпостқа шабуыл жасады. Сол жерге барып, жол жиегіне тоқтап, көлікті қойсам, маған қарсы қарулы адам келе жатыр. Басшылық бізге  қорғану үшін оқ атып, жарақаттауға болатынын айтқан. Маған атуға тура келді», — деді Аслан Есентаев.

Осылайша жол-көлік қызметкері тағы бір қылмыскердің көзін жойды. Аға сержант атыс кезінде өз өмірі үшін мүлдем қорықпағанын, борышын өтегенін айтты. Лаңкестік оқиғадан кейін өңір басшысы Бердібек Сапарбаев оған грамота, сыйақы тапсырды. Осы аптада полицей Алматыда өткен республикалық «Жыл адамы» байқауының жеңімпазы атағын алды. Аслан Есентаев үйленген, 4 жасар баласын тәрбиелеп отыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу