Алматының екі аумағында жер сілкінді

Бүгін, 25 қарашада Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай екі рет жер сілкінісі тіркелген. Бұл туралы azattyq.org хабарлайды. Дереккөз: azattyq.org

жел сілкінісі
Көрнекі сурет

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 270 километр қашықтықта болған. Бірінші дүмпу Астана уақыты бойынша сағат 08.53-де тіркелді. Оның қуаттылығы 4,6 магнитуданы құрайды. Ол 20 километр тереңдігінде болған.

Ал екінші дүмпу 08.55-те Алматыдан 269 километр қашықтықта тіркелген. Жер сілкінісінің қуаттылығы 4,4 магнитуданы құраған.

Алматы қаласында жер сілкінісінің дүмпуі сезілгені туралы ақпарат жоқ.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!