«Астана» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шыға алмады

«Астана» клубы Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында соңғы ойынын Кипрдің «АПОЭЛ» командасына қарсы өткізіп, қарсыласты 2:1 есебімен ұтты, деп хабарлайды хабарлайды BNews.kz. Дереккөз: Bnews.kz

Астана футбол клубы

Матчтың екінші таймында “Астана” командасы белсендірек ойнады. Ойынның 58-ші минутында АПОЭЛ-дың қақпашысы Бой Ваттерман ойламаған жерден допты түсіріп алады. Сол сәтте “Астананың” қорғаушысы Марин Аничич допты қақпаға қарай бағыттап, есепті теңестірді. Осылайша, “Астана” клубы биыл Еуропа лигасының топтық кезеңінде жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық клуб болды.

Жеңіс голын 84-минутта Джордже Деспотович салды. Қорытынды есеп – 2:1. «Астана» Еуропа лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Осы жеңісімен елордалық клуб бесінші ұпайын алды.

Дегенмен, «Олимпиакос» пен «Янг Бойз» Еуропа лигасының 5-топтық кезеңінде тең ойнап, «Астана» командасының топтан шығу мүмкіндігін жойды. Пирейдегі «Караискакис» стадионында өткен матч 1:1 есебімен аяқталды.

Осылайша «В» тобында 5 ойыннан кейінгі көрсеткіш мынандай: АПОЭЛ – 9 ұпай, «Олимпиакос» – 8, «Янг Бойз» – 5, «Астана» – 5. Айта кетейік, соңғы турда жеңіске жеткен күннің өзінде «Астана» да, «Янг Бойз» да «Олимпиакостан» асып түсе алмайды. Себебі гректер екеуін де жеке кездесуде жеңген.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу