Сауалнама: Астана қаласының атауын “Нұрсұлтан” деп өзгертуге қалай қарайсыз?

Депутаттар ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған декларацияға дауыс берді, оның мәтінін мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов оқыды. Бұл декларацияда елдің бас қаласы Астана атауын өзгерту мәселесі қозғалған болатын. Дереккөз: БАҚ

0
Нұрсұлтан Назарбаев Астана
Сурет: nur.kz

“Біз Қазақстан Конституциясына Астана атауына қатысты өзгерту енгізуді ұсындық. Ата Заңда өзгерістер болуы мүмкін. Осы сұрақтар жөнінде әлі ақылдасатын боламыз. Бас қаланың атауын “Нұрсұлтан” немесе “Назарбаев” деп атауға болады. Бұл халықтың ұсынысы. Біз бүгін декларацияда осыны бастама етіп көтердік. Депутаттар оны қолдады”, – деді Қуаныш Сұлтанов.

Сонымен қатар, халық қалаулысы бұл бастаманың бұрында көтерілгендігін айтты.

«Бұл сұрақ осыдан 5 жыл бұрын ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өткенде көтерілген болатын. Менің пікірімше, Астанаға тұңғыш президентінің атауын беруге лайықты. Әлемде мұндай тарихи деректер кездеседі. Менің ойымша, халық бұған лайық», – деді депутат.

Сөз соңында парламенті мәжілісінің депутаты аталмыш мәселеге қатысты соңғы шешімді елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтатынын атап өтті. Сондай-ақ, депутат елордада Тәуелсіз Қазақстан монументін тұрғызу бастамасы қаралып жатқандығын мәлімдеді.

Астана қаласының атауын "Нұрсұлтан" деп өзгертуге қалай қарайсыз?

Естеріңізге сала кетейік, Депутаттар Астана қаласына Назарбаевтың есімін беруді ұсынғанын хабарлаған болатынмыз.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!