Қызылордада ерлі-зайыпты мүгедектерге үй сыйлады

Қызылорда қаласындағы мүмкіндігі шектеулі ерлі-зайыптылар Бақытбек Сейітбаев пен Күләш Тілеуоваға аты-жөнін жариялағысы келмеген азамат жеті бөлмелі үй, автокөлік және моторлы мүгедек арбасын сыйлады.

0
Бақытбек Сейітбаев пен Күләш Тілеуова, Қызылорда облысы, қайырымдылық
Бақытбек Сейітбаев пен Күләш Тілеуова. Сурет: azattyq.org

Ерлі-зайыптылар осыған дейін Қызылорда қаласының шетінде 3 бөлмелі жайсыз үйде тұрып келген. Отағасы жомарт жанның баспанадан бөлек тағы да сый жасағанын айтады.

«Үйден бөлек жаңа көлік сыйлады. Оны енді өз ыңғайыма қарай жастып жатырмын. Тағы тоқпен жүретін мүгедек арбасын тарту етті», – дейді Бақытбек Сейітбаев.

Ерлі зайыптылар мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан қол қусырып қарап отырмайды. Әйелі тігінмен айналысса, күйеуі көлігімен адам тасып күнелтіп келген.

Олар бұрынғы баспанасында дәретхана мен жуынатын жердің қиынға соққанын айтады. Мектебі сәл алыстағаны болмаса қыздары да жаңа үйге мәз болуда.

Қызылорда қалалық әкімдігі бұл отбасының жағдайымен таныс болса да, үйді кезексіз бере алмайтындарын айтқан. Ал, баспана мәселесін қайырымдылықпен шешіп берген жомарт жан есімін көпке жариялауды жөн көрмеді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!