Ыстамбұл әуежайында жарылыс болды

Ыстамбұлдың Сабиха Гөкшен халықаралық әуежайының көлік тұрағында жарылыс болды. Дереккөз: 24.kz

0

Салдарынан әуежайдың 2 қызметкері жарақат алған, деп хабарлайды Haber7.com. Олардың бірі қолынан, екіншісі басынан жарақат алған. Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем қызметкерлері оларды жақын маңдағы ауруханаға жеткізген. Қазір екіншісінің жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. Ыстамбұл мэрі Уасип Шахин оқиға Сабиха Гөкшен әуежайында жергілікті уақыт бойынша сағат 02:05-те болған жарылыстан 2 әуежайы тазалықшысы жарақат алғанын және жарылыс себебі анықталып жатқандығын айтты.

Фото:haber.sol.org.tr

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!