Қазақстанда 39 рұқсат беру құжатының күші жойылады

Кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау мақсатында елімізде 39 рұқсат беру құжатының күші жойылады. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті. Дереккөз: 24.kz

0

Парламент үшін биылғы жыл оңайға соқпады. Өйткені биыл елімізде бірнеше маңызды шара өтті. Ол Президент сайлауы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, ҚХА 20 жылдығы, еліміз екі бірдей халықаралық ұйымның мүшесі атанды. Бұл істе мəжілісмендердің үлесі аз болмады. Жалпы бір жылда парламент 3 бірлескен отырыс, 38 жалпы отырыс, 5 үкімет сағатын өткізді. Мәжілістің қарауына биыл 210 заң жобасы келіп түссе, оның 158-і мақұлданды. Бұл өткен жылдың қорытындысымен салыстырғанда 59 құжатқа артық. Биыл Мəжіліс 44 жұмыс аптасын өткізді. Бұл күндері мыңнан аса жұмыс тобы мен комитеттер отырысы өтті. Жұмыстың жемісті болғанының тағы бір дәлелі, биыл Үкімет қайтарып жіберген заң жобалары болса аты. Мəжілісмендердің өткен жылға көшелері жоқ, ал келер жылдан үміттері зор. Өйткені жаңа жылда Парламент сайлауы өтеді және алдағы жыл EXPO-2017 көрмесіне соңғы дайындықтар пысықталды. Сондықтан атқарар шаруа аз болмайды деді қорытынды сөзінде палата спикері.
Фото:dixinews.kz 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!