Алматыда бүкіл қалалық жастар форумы өтті

2016 жылдың 18 қараша күні Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында бүкіл қалалық Жастар Форумы өтті.

Ө. Жолдасбеков ат. сарай
Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы

Форумның ашылу салтанаты Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында өтті. Жиын барысында 4 бөлім құрылып, қатысушы жастар өз арасында қоғамдағы маңызы бар мəселедерді ашық талқылады.

Сонымен қатар, осы шара аясында жастар мен студенттердің инновациялық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды. Жас көшбасшылар, белсенділер мен ғалымдар өздерінің идеяларын ашық ортаға салды. Форум арқылы қатсушылар өздеріне инвестор, əріптес мен қолдаушылар тапты.

“Жастар кездесуінің” салтанатты бөлімі Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында жүргізілді. Форум соңында қатысушылар мен қонақтардың құрметіне концерт қойылып, марапаттау салтанатымен аяқталды.

Аталмыш іс-шара Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойы аясында қаланы дамыту, жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу