Мектеп оқушылары Алматының 1000 жылдығына арналған кеш өткізді

Алматының 1000 жылдық мерейтойына орай Алмалы ауданының №124,128-мектептерінде №33 балалар кітапханасымен бірлесе отырып Алматының 1000 жылдығына арналған әдеби сазды кеш өткізді.

Мектеп оқушылары

Мектеп оқушылары өткізген шара барысында «Алатау баурайындағы әсем қала» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмемен кітапханашылар Акчалова Бибигуль Рамазановна, Моисеева Светлана Евгеньевна таныстырып өтті.

Сонымен қатар, іс-шара барысында 1-5 сынып оқушылары «Сен өз қаланды білесің бе?» атты интеллектуалды ойынға қатысты.

Ал 1-а сынып жетекшісі Нұрқасым Айсәуле, 4-а сынып жетекшісі Ақшалова Гүльжан «Туған жер алтын бесігім» атты сынып сағатын өткізді. Оқу әдістемелік ісінің меңгерушісі Рахымбекова Ұлпан,Түгельбаева Айман, Мұрзашова Жанар , Досполова Сауле 9-11 сынып оқушыларымен «Алматы қаласының Қазақстан экономикасындағы атқаратын міндеті» атты дебат ұйымдастырылды.

Аталмыш іс-шаралар егеменді еліміздің тарихында ерекше орын алған алып шаһар Алматыны қадірлеу, мақтан тұту, 1000 жылдық тарихына үңіліп, болашаққа бастар жолда Тәуелсіздіктің алтын бесігі — Алматыны көркейту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу