Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынады

Синоптиктердің болжауынша, жуырда Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынады. Алдағы үш күнде Қазақстанның бүкіл территориясында аяз қайтады деп болжайды Қазгидромет.

0
Синоптик боран ауа-райы

Қазақстанның басым бөлігінде белең алған қатты аяз жуық арада бәсеңдейді, синоптиктердің болжауынша, алдағы үш күнде Қазақстанда күн жылынып қар жауады, боран соғады.

“Қазақстандағы өте суық ауа-райын ұстап тұрған қуатты антициклон, жылы және ылғалды атлантикалық ауа қысымының салдарынан ақырындап бұзыла бастайды. Алдағы үш тәулікте республиканың батыс, солтүстік және орталық облыстарында температура көтеріліп, сондай-ақ қар жауып, бұрқасын тұрып, қатты батыс желі соғады деп күтілуде”, – делінген Қазгидромет хабарламасында.

Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және шығыста антициклон ықпалының нәтижесінде жауын-шашынсыз суық ауа-райы сақталады. 24 қарашаға қарай шығыс облыстарда аяз аздап бәсеңдейді деп болжанады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу