Қазақстандық балалар дарындылығы бойынша әлемде 12-орында

Қазақстандық балалар таланттылық деңгейі бойынша әлемнің 100 елінің арасында 12-орынға жайғасқан. Бұл туралы ҚР мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова хабардар етті.

Дереккөз: ҚазАқпарат
0
Мектеп оқушылары дарынды балалар

«Биыл 1200 бала халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды. Жалпы, дарын жағынан Қазақстанның балалары 100 ел ішінде 12-орынды иеленіп отыр. 20 жыл бұрын бұл көрсеткіш 50-ші орын еді. Біз қазір Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына қосамыз деп жүрміз ғой, ал балаларымыз өз білімдерімен ол межеге жетіп қойды», — деді Гүлшара Әбдіхалықова.

Жалпы, бүгін жаңа Оқушылар сарайында өткен балалар форумына Қазақстанның түпкір-түпкірінен 336 бала келген. Енді бұл форум дәстүрге айналып, жыл сайын оқу мен өнерде үздік деп танылған балалар Астанаға жиналып отырады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу