АИ-92 бензині қолма-қол ақшаға сатылмай жатыр

«ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекеттерінде АИ-92 бензинін қолма-қол ақшаға сатпай жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Дереккөз: Tengrinews

0
жанармай бағасы бензин

«ҚазМұнайГаз» анықтама бөліміндегілердің айтуынша, қазіргі уақытта АИ-92 маркалы бензин тек клуб картасы немесе талоны бар клиенттерге сатылып жатыр.

«Клиентте карта немесе талон болса, ол еш қиындықсыз жанармайын құйып алады. Дәл қазір біз АИ-92 маркалы бензинін қолма-қол ақшаға сата алмаймыз. Кейбір жерлерде АИ-92 қолма-қол ақшаға сатылып жатыр. Бірақ онда тек 10 немесе 20 литр жанармай құюға болады», – деді компанияның анықтама бөліміндегілер.

Сондай-ақ, олар «ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекеттеріне қысқы дизель отыны келмегенін айтты. Қысқы дизель отыны әзірше тек Астанада, Алматыда және Павлодарда бар екен.

 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!