ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қарашадағы № 707 Қаулысымен Рамазанов Арман Қайырбекұлы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Baq.kz.

Дереккөз: baq.kz
0
Арман Қайырбекұлы, ҚР қорғаныс және аэроғарыш министрлігі

Арман Рамазанов 1978 жылы 18 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келген.

Үш жоғары білімі бар. 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін инженер мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. 2004 жылдан бастап 2006 жылға дейін С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде қаржы мамандығы бойынша оқыған.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі болып тағайындалуына дейін А.Рамазанов Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік инспектор лауазымын атқарды, деп хабарлайды Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 350 Жарлығына сәйкес құрылды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу