Қазақстандық студенттер киберқылмысты ашуды үйренеді

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенттері Еуропа Одағының «Эразмус+» бағдарламасы арқылы киберқылмысты ашу жолдарын үйренеді. Дереккөз: BAQ.kz

0
Киберқылмыс
Көрнекі сурет ©bnews.kz

Тараз мемлекеттік университетінің ғалымдары ұсынған 8 жобаның 3-еуі «Эразмус+» бағдарламасының жеңімпазы болды. Байқау шарты бойынша жоба жеңімпаздарын халықаралық қор қаржыландырып, оны жүзеге асыруда шетелдік тәжірибелі ғалыммен бірге зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Эразмус+ (Erasmus) – Еуроодақ елдері және Исландия, Лихтенштейн, Македония, Норвегия, Түркия университеттері арасындағы студенттер мен оқытушылар алмасатын Еуропалық одақтың коммерциялық емес бағдарламасы. Бағдарлама бойынша өзге елге оқуға, тағылымдамадан өтуге және дәріс оқуға болады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!