Карповтан ұтылып қалған үш жасар шахматшының көңілі босап кетті (видео)

Ресейде Михаил Осипов есімді үш жастағы шахматшы әлемнің 12 дүркін чемпионы, халықаралық гроссмейстер, КСРО спорт шебері, Анатолий Карповпен шахмат ойнады. Дереккөз: islam.kz

8

Жас талант Михаил Осипов небәрі үш жаста болғанына қарамастан, шахматты өте шебер ойнай алады.

Миша Осипов

“Не нәрсеге қызығасың?” деген жүргізуші сауалына ол, “шахматқа” деп жауап береді.

“Оның қорапшасындағы шахмат тастарының сылдырлағанына емес, жүргеніне қызығамын” дейді вундеркинд.

Анатолий КарповЖүргізуші сағат уақыты бойынша Анатолий Карповқа 2 минут, ал Михаилға 10 минут береді. Шахмат ойнау кезінде талантты бала шахматтың теориялық қағидаларын да жатқа соғатындығын көрсетеді. Ол аңызға айналған Карповты ұтуға барынша талпынады.

Уақыт бітуге тақаған кезде, Анатолий Карпов балаға ұтылып бара жатқанын айтып, тең түсуді ұсынады. Алайда вундеркинд бұл ұсыныстан бас тартады.

Михаил ОсиповБірақ, ақыры әйгілі шахматшы жеңіске жетті. Жеңілгеніне өкінген Михаилдың көңіл-күйі барша көрерменді тебіренткен.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

8 пікір

    • Оның несі керемет? КСРО спорт шебері өзінің алатын асуларын алып қойған белгілі азамат емес пе? Мына қарсы алдындағы жас таланттың еңсесін түсірмей бағын жағып жіберсе есі кетер еді?

  1. жаныыыыым, Карпов мог бы и проиграть, тягался с таким крохой и важный такой стоит…мог бы и обнять и на руки взять, здоровья ему и побед.

Пікір қосу