ЭКСПО аумағындағы оқиға көрме имиджіне әсер етпейді — министр Ерлан Ыдырысов

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БАҚ өкілдерін кеше ЭКСПО аумағында болған оқиғаны дүрліктірмеуге шақырды.

Дереккөз: ҚазАқпарат
0
Ерлан Ыдырысов

Бұл жайында ол бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап беру кезінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министр құрылыс барысында бұндай жағдайлар болып тұратынын жеткізді.

«Бұл жағдай имиджге ешқандай әсер етпейді. Осы ретте барлығы тиісті түсініктемені берді. Бұл тақырыпты дүрліктірудің қажеті жоқ. Барлық жұмыстар жоспарлы жүргізіліп келеді»,-деді министр.

Ерлан Ыдырысов бастысы адамдар құрбан болмағанына тоқтала келе, құрылыс нысандары дер кезінде тапсырылатынын жеткізді.

Айта кетейік, 16 қараша күні Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі аумағындағы декоративті көпір қақ ортасынан опырылылып түсті. ЭКСПО-ның баспасөз қызметі бұл оқиғаға BI Group компаниясының жауапты екенін мәлімдеді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу