ҰБТ 2017: ең жоғарғы көрсеткіш – 140 балл

ҚР Білім және Ғылым министрлігі ҰБТ-ның жаңа форматын бекітті. 2017 жылдан бастап түлектер мектеп бітіргені туралы аттестат пен «Алтын белгі» алу үшін өз мектептерінде емтихан тапсырып, ЖОО-ға түсу үшін ҰБТ тапсырады. Дереккөз: ҚР БҒМ сайты

60
ҰБТ
kstnews.kz

Қорытынды аттестация

Қорытынды аттестация мектепте тапсырылады. Мерзімі, шамамен, 2017 жылдың 29 мамыры мен 9 маусым аралығы. Ол 5 пән бойынша өтеді:

Қорытынды аттестация

Жазбаша және ауызша емтихандар мен тесттің жауап парақтарын мектептердегі емтихан комиссиясы тексереді.

ҰБТ-ның жаңа форматы

ҰБТ-ның жаңа форматы 2 блоктан тұрады: 3 міндетті пән бойынша 20 тапсырма және 2 бейінді пәннен 30 тапсырма.

Міндетті пәндер:

  • Математикалық сауаттылық;
  • Оқу сауаттылығы;
  • Қазақстан тарихы.

Сауаттылық тапсырмалары талапкердің жалпылау, салыстыру, тұжырымдау сияқты дағдыларын тексеруге бағытталған. Оның ҰБТ-ға енгізілу себебі – студенттік оқуда түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеп, оларды сараптауға, салыстыруға және тұжырымдауға қажет деп табылуында.

Бейіндік пәндер:

  • Математика + Физика;
  • Математика + География;
  • Биология + Химия;
  • Биология + География;
  • Шет тілі + Тарих;
  • Оқыту тілі (қазақ немесе орыс) және әдебиет  + Тарих;
  • География + Шет тілі;
  • Химия + Физика;
  • Тарих + Адам.Қоғам.Заң;
  • Шығармашылық емтихан.

Бейінді пәндер бойынша ұсынылған тапсырмалар 2 түрлі. Әр пәннің 20 сұрағында бес жауаптың ішінде 1 ғана жауабы дұрыс болса, қалған 10 сұрағының бірнеше жауап нұсқасы бар, оның бірнешеуі дұрыс жауап болады. 

Тестке бірнеше дұрыс жауабы бар сұрақтарды енгізудегі мақсат – оқушылардың тест сұрақтары мен жауаптарын тек жаттап алып, немесе болжау арқылы белгілеуіне тосқауыл болады.

Жаңа ҰБТ-ның тапсырмалары қандай болатыны осы жылдың желтоқсан айында Ұлттық тестілеу орталығы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайттарында жарияланады.

ҰБТ-ның жаңа форматы

ҰБТ-да жалпы саны 120 сұрақ қойылады. Оны шешуге 3 сағат 30 минут уақыт беріледі.

  • Ең төменгі шек – 50 балл;
  • Ең жоғары көрсеткіш – 140 балл

ҰБТ-ға қатысу туралы өтініш 2017 жылдың 10 наурызынан 10 мамырға дейін қабылданады.  ҰБТ өткізілу мерзімі – 20 маусымнан 1 шілдеге дейінгі аралық.

Сондай-ақ, ҰБТ-дан өте алмай қалғандар үшін ақылы тапсыру мүмкіндігі ұсынылған. Ол 2017 жылдың тамыз айы мен 2018 жылдың қаңтарында өткізіледі.

«Алтын белгі» иегерлері, республикалық және халықаралық олимпиадалардың,  ғылыми жобалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары ҰБТ-дан босатылмайды. Алайда, тапсырған тест нәтижелері аталған жетістіктері жоқ талапкерлердің көрсеткіштерімен бірдей болған жағдайда, гранттарды бөлу кезінде  басымдыққа ие болады. Сондай-ақ, 5 халықаралық олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздарына арнайы гранттар бөлінеді.

ҰБТ бейіндік пәндер

Айта кетейік, түлектердің мектеп бітіру кештері 2017 жылдың 15 маусымына дейін өткізіледі.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

60 пікір

    • Киын сиякт менде коркып журм мнаны корип одан бетер коркып отрм

  1. Қолдаймын. ҰБТ талаптарын әлде де қатаң жасау керек. Тест сұрақтары мен олардың жауаптарын жаттау тәсілі еліміздің жастарының білім деңгейлерінің төмендеуіне қатты әсер еткен еді, нәтижесінде кәсіби деңгейлері төмен жоғары білімді мамандар көбейіп кетті.

    • Мамандарды мектеп дайындамайды ғой, мектеп тек негізгі білімді береді. Сіз өз шағымыңызды ЖОО ларға айтыңыз!

  2. Бұрын республикалық олимпиядадан орын алғандар грантқа түсетін еді. Мен желтоқсанда барайын деп отырм. Еш көмегі тимейтіні өкінішті😢😢😢

  3. ҰБТ ны бір жылда түбегейлі өзгерту оқушыларда адаптация жағынан қиындық туғызады, сондықтан біртіндеп өзгерткен жөн жеп есептеймін .Мақұл осы жылы бейіндік пəннен 10 сұрақ бір немесе бірнеше жауаптан болсын, бірақ осы жылы тек бір бейіндік пəн болса дер едім, себебі балалар өздері тандайтын мамандық бойынша екінші бейіндік пəндерін білмейді жəне де осы уақытқа дейін бəрі толық анықталмағандықтан тек бір бейіндік пəнге дайындлған

    • өте дұрыс айтасыз сізге толықтай қосылам

    • Өте дұрыс айтасыз. Биылғы жылғы өзгерістер өте қиын.

  4. Бұндай күрт өзгеріс себептерінен менің қаламдағы көп оқушылар шетелге əсіресе ҚХР ға оқуға кетпекші

  5. Бұл қате президент қайда қарап жүр?! біздің басымызды қатырып қойды, биздин ғана емес ата анамыздында мугалимдердинда, бұрынғы ЕНТ міз жақсы еди

  6. қиын екен неге тап осы жылы өзгерді неге алдыңғы жылы өзгермеді неге келесі жылы өзгермеді неге тап осы жылы

    • егер таңдаған пәніңіз әдебиет болса онда тарих пәнінен тапсырасыз

  7. УБТ сурактары да жане кездендери де катты озгериске ушыраган, мектеп окушыларына бул салмак болары анык, баскаша озгеристер енгизуге болмайма? Окушылар абден шатасатын болды.

  8. салеметсиздерме! ойлап карасак бирнеше ай ишинде бейиндик панге дайындалу биршама киындау сиякты. себеби коби накты тандамай келип, еки пан дегенде бастарына жай тускендей болады. мумкиндигинше осыжылга гана бир бейиндик пан кылдыруга болмаспа еди? осы себептерден коп тулектер шет елдерге коптеп кететин таризди.

    • Əскери оқу орнына ешқандай да шектік 50 балл жинап түсе алмайсың. Ол барлық пəннен ғана шектік. Ал мамандығың бойынша түсу əр түрлі.

  9. Жастардын шетелге кетуі осыдан басталат.2020-сыншы жылы тагы калай озгертед екен
    .Ойланып корсем басым қатады .😔

  10. Менің ойымша жаңа форматтығы ҰБТ өте қиын!!!
    Баяғы үйренген ҰБТ жақсы. Неге білім жүйесіне соншама өзгертулерді енгізе бересіздер, қалған 4-5 айда бала қалай дайындалады, бұл психологиялық тұрғыда оқушыға, пән мұғалімдеріне, ата-анаға қиын соғады. Қарапайым халықтың пікірлерін неге тыңдап, қорыты нды шығармайсыздар.

  11. Кешіріңіздер айтып жеріңіздерші ҚАЗАҚТЫҢ СПОРТ ЖӘНЕ СПОРТ АКАДЕМИЯСЫНА түсу үшін шекті балл қанша?

  12. Кешіріңіздер айтып жіберіңіздер ҚАЗАҚТЫҢ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАЛЕМИЯСЫНА түсу үін шекті бал қанша?

  13. хотя бы сентьябрде нақты шешімін айтып қойсаңыздар болатын ед? бекерге қаншама түлектердің обалына қалып отырсыздар? ҚҰДАЙдан қорықпайсыздар ма? жылаттыңыздар го бізді? грантқа түскісі келед бәрінің ал оқитындар неге нақты дайындыларын блми миы ашып жүр

  14. 2017 түлектері!Бұйырса бұл сынақтардан да өтеміз!Бәрі жақсы болады.Ең бастысы денсаулықтарыңды күтіңдер!.Өздеріңе көп нагрузка салмаңдар.Босқа уақыт өткізбей көбірек оқыңдар.Сәттілік!))))

  15. Биология геграфия тандап отырмын бастауыш мугалимы канша бал жинау керек ??
    Биыл серпин (2050) барма?

  16. Мен 2017 жылгы тулектердин бири болып келемин .
    Жана форматка толыктай карсымын , жалыз мен емес мугалимдерде антан болып калды .
    Форматты озгертетин болсаныздар алгашында ол туралы бир жыл бурын хабарламайма , жок жерден беките салмай .
    Бир панге дайындалып , тарихтан тек тест орындайтынбыз . Ал казир еки тандау панимен коса , 120 такырыпка эссе , 900 билетке ауызша жауап беруимиз керек.
    Арине биздин денгеимизди котергилерин келеди, биракта логикалык тургыдан карасак
    ол барма деп амалсыздан сурауга тура келеди .
    Шикилеи куырган жумырткадай бизге берген тестарынызда кателер коп , 3 жауапты тестиде аспаннан тускен каметадай болдыгой .
    Бирак сиздер биздин создеримизди еш кыстырмайтын шыгарсыздар .
    Егер казыр сиздерге соны берсем тапсырасыздарма? Керекти баллды жинай аласызба ?

  17. бары керемет маган жана формат унады.Асиресе спортка тусетин шыгармашылык тапсыратындарга жаксы мумкндик

  18. Салемм достар.ЕНТ дан жогары балл жинауларнд тилеймин. маган осы новый формат унады.тек мектептеги егзамен демесен бары жаксы. Саган кандай тест берседе окушы 11 жыл окыганын актап любой тестте жаксы балл жинайды.Сол ушин оз билимдерне сенулерн керек деп ойлаймын.Саттылык

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!