Қазақстандық үш спортшы Олимпиада медалін қайтарады

Халықаралық Олимпиада комитеті қазақстандық үш спортшыны допинг қолданғаны үшін Бейжің Олимпиадасының медальдарынан айырды, деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Мария Грабовецкая

Ауыр атлетикадан Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері Ирина Некрасова мен қола жүлдегер Мария Грабовецкая және грек-рим күресінен қола жүлдегер Әсет Мәмбетов медальдарынан айырылды. Олардың нәтижелері жойылды. Ал, спорттан қанша уақытқа шеттетілетіні туралы шешім кейін шығады.

ХОК тәртіптік комиссиясы осыған дейін ауыратлеттер Владимир Седовты, Майя Манезаны және Алмас Өтешовті дисквалификациялаған еді. Алайда қанша уақытқа шеттеткені әлі хабарланған жоқ. Сондай-ақ, дәл осы допингтің себебінен Лондон олимпиадасының чемпиондары: Майя Манеза, Зүлфия Чиншанло және Светлана Подобедованы да алтындарынан айырған еді.

 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу