“Астана” футбол клубы банкрот болды

«Астана» Кәсіби футбол клубы» АҚ банкрот болды. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметі хабарлады. Дереккөз: Егемен

1
Астана футбол клубы
©fca.kz

“Клубтың 36 миллион теңге салық қарызы бар. Оны салық заңнамаларына сәйкес өтеу әрекеттері еш нәтиже бермеді. Сол себепті Астана қаласы Алматы ауданының мемлекеттік кіріс басқармасы “Астана” футбол клубын сотқа берді, делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, істі қарастырған Астана қаласының мамандандырылған экономикалық соты “Астана” Кәсіби футбол клубы»АҚ банкрот деп жариялады. Бұл процедура 9 айға жасалып отыр және шешім заңды күшіне енді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

  1. Ең таңдаулы еуропа кубогтарында ойнап жүрген команда банкрот болса, қалғандарының жағдайы қалай? “Түйені жел қозғаса, ешкіні аспаннан көресің” деген осы болса керек.

Пікір қосу