“Жұлдызды соғыстар” прокаттың бірінші күнінде рекордтық табысқа ие болды

Танымал «Жұлдыздар соғысы» фильмінің жалғасы прокаттың бірінші күнінде Канада мен АҚШ кинотеатрларында 57 млн доллар жинады. Бұл туралы Reuters хабарлайды.

0
Жұлдызды соғыстар: Күштің оянуы

“Жұлдызды соғыстар: Күштің оянуы” 2011 жылғы «Гарии Поттердің» соңғы бөлімінде 43,5 млн доллар болып орнатылған рекордтық табыс көрсеткішінен асып кетті.

Бұл фильмнің көрермендері билетті бейсенбі күні ала бастаған. Олардың көпшілігі шабуылдаушылар мен джедайлардың костюмінде келген.

Осындай табысқа қарамастан, Disney компаниясының акциялары 3%-ға төмендеді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу