Баян Есентаеваның адвокаты сот үкіміне шағым түсіреді

Баян Есентаеваның адвокаты 18 қарашаға дейін Бақытбек Есентаевқа қатысты шыққан сот үкіміне шағым түсіреді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Баян Есентаеваның адвокаты Марат Асқарбеков хабарлады.

Дереккөз: tengrinews.kz
0
Баян Есентаева
Фото: ©Алмаз Толеке

«Соттың үкімі заңсыз. Бұл іс алқабилерімен қаралса да, заңбұзушылық бар. Бұл үшін судья жауап береді. Оның қылмысқа оқталуына қатысты дәлелдердің болмауына байланысты бұл шешім заңсыз. Бұл туралы сотталушы Бақытбек Есентаев та айтқан болатын. Сондықтан да біз соттың бұл үкімі бойынша облыстық сотқа шағым түсіреміз, бізге жұмаға дейін уақыт берілді», — деді Есентаеваның адвокаты.

Сонымен қатар Бақытбек Есентаевтың адвокаты Бекболат Жексейітов те сот үкіміне апелляциялық шағым берген еді. Оны Алматы облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер растады.

Айта кетейік, 3 қараша күні Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаев «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша 9 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу