Қазақстан Кубамен қысқа мерзімді визасыз режим енгізді

Қазақстан мен Куба азаматтарының қысқа мерзімді визасыз сапарлары туралы келісімге қол қойылды.Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Дереккөз: 7kun.kz

0
Қазақстан куба

Гаванада Қазақстанның Кубадағы Елшісі Константин Жигалов пен Куба Сыртқы істер министрінің орынбасары Рохелио Сиерра Қазақстан мен Куба азаматтарының қысқа мерзімді визасыз сапарлары туралы үкіметаралық келісімге қол қойды.

Тараптардың ортақ пікірінше, визалық тәртіптің ырықтандырылуы екі ел адамдары арасындағы байланыстардың ұлғаюы, туристік ағымның өсуі мен екіжақты экономикалық байланыстардың күшеюіне септігін тигізеді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!