6 жасар қазақстандық ментальды арифметикадан әлемдік сайыста топ жарды

Қостанайлық Рамзан Байдәулетов Біріккен Араб Әмірліктерінде менталды арифметикадан өткен халықаралық жарыстың әділқазылар алқасын таңдай қақтырды.

Дереккөз: ҚазАқпарат
1
Рамзан Байдәулетов

Жеңімпаздың анасы Айгүл Аюпованың айтуынша, оның баласы өзінің дәрежесінде бірінші болды. 8 минуттің ішінде ол 175 мысалды шешті, деп жазады Алау.

«Онда екіқатарлы және бірнеше қатар мысалдар болған. Балам шешті. Ол цифрларды әп-сәтте орын-орынымен орналастырады. Өткен жылы біз менталды арифметика академиясына барғанбыз. Бүгін міне, нәтижесін көріп отырмыз»,-дейді жас ақыл-ой иесінің анасы.

Рамзан мектепке дейінгі дайындық сабағына барады. Ол Қостанайдағы жедел оқу мектебін сәтті аяқтады. Ол сонымен қатар шахматпен де белсенді айналысады. Осы уақытта еңбекқор баланың 3 дәрежесі бар. Дарынды жастың анасы баласының өте керемет есте сақтау қабілеті барын айтады.

Енді 6 жасар чемпионға Индонезияда өтетін жарыстарға қатысу жөнінде ұсыныс түскен. Ол Бали аралына 2017 жылдың желтоқсан айында барады. Рамзанның ең үлкен армандарының бірі – Елбасының шыршасына қатысу.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

Пікір қосу