Денис Тен Париждегі Гран-Приде үшінші орында келеді (Видео)

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Парижде өтіп жатқан Франция Гран-приінде қысқа бағдарлама бойынша бәсекеде үшінші орында келеді, деп хабарлайды Sportbox.ru.

Дереккөз: Sportbox.ru
0
Денис Тен

Бірінші орында әзірге 96,57 балл жинаған испандық Хавьер Фернандес тұр. Оның соңында 92,85 балл алған американдық Натан Чен келеді. Денис Тенде – 89,21 балл.

Айта кеткен жөн, 2013 жылы осы бәсекеде Тен қола медаль еншілеген болатын.

Франция Гран приі 13 қарашада аяқталады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу