“Орда” тобы Turkvizyon-2015 байқауында екінші орын алды

Стамбулда Turkvizyon-2015 байқауының гранд-финалы өз мәресіне келіп жетті. Биылғы байқаудың бас жүлдесі 194 ұпай жинаған қырғызстандық әнші Жийдешке бұйырды.

19
Орда тобы Turkvizyon-2015

Ал 185 ұпайға ие болған «Орда» тобы 2-орын алды. Түркиялық әнші Гөркем Дурмаз 175 ұпаймен 3-орынға табан тіреді.

«Бейбітшілік» сыйлығы Ирак елінен келген күміс көмей әнші Оғыз Сырмалыға бұйырды. Сириялық әнші Әділ Шан «Көрермендер көзайымы» номинациясын жеңіп алды.

«Әділ қазылардың арнайы сыйлығы» Германиядан келген Дерья Каптанға табысталды.

Айта кету керек, гранд-финалда Turkvizyon ән байқауының тарихында тұңғыш рет өткен жылы бас жүлдені жеңіп алған Жанар Дұғалова мен Bala Turkvizyon-2015-тің «Алтын дауыс» номинанты Тұрсынхан Еркін арнайы ән шырқады. Өнерпаздар қонақ ретінде шақырылған.

Естеріңізге сала кетейік, мұнда биыл 21 мемлекеттің ең үздік әншілері бақ сынасты. Халықаралық өнер сайысында біздің намысымызды «Олай емес» әнімен «Орда» тобы қорғады. Түркі тілдес мемлекеттердің мәдени-рухани байланысын нығайтуды көздейтін байқауға қазақ елі жыл сайын қатысып келеді.

2013 жылы Түркияның Ескишехир шаһарында алғаш рет өткен сайыста қазақстандық «Ринго» тобы 9-орыннан көрінсе, былтыр Татарстан астанасы Қазан қаласында әнші Жанар Дұғалова күллі өнерсүйер қауымның қошеметіне бөленіп, дүбірлі доданың бас жүлдесін иеленген болатын.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

19 пікір

  1. Орда тобы 2-ші орынға тіпті де лайық емес!!! Қазаққа деген сыйластықтан ба әлде қалай оларға Тюрквижннің орын бергенін қайдам, бірақ сол жын-ойнақтарымен өз елімізде секіріп жүре бергендері дұрыс еді… Соларды жіберген өзіміз қазақтар оңбаймыз. Не өлеңдерінің мәні жоқ, не әуені жоқ не оны керемет етіп айтқан дауыстарын да байқамадым, не шоуы жоқ, тек мыңғырлап билеген болып секіргеннен басқа…?!!

    • Керісінше жүлделі орын алғанына неге қуанбайсындар. Қайран қазағым іштерің неге соншама тар адамсындар.

  2. Turkvizyon ән байқауы жыл сайын бұзылып бара жатыр. Дені дұрыс әндер жоқ. Барлығы билеп шоу көрсетпекке тырысып жатқандай.
    Құлаққа жағымды, шын даусы әдемі топтар жоқ!!!!

  3. Түкте ұнамады шынымен… Ерген бауырымыз барғанда мейлі орын алмаса да ұялмай қарай алатын едік. Мыналарың ұят жасады!!!

  4. Ай ана 2ши кыз.спонсор болгасын, айтуир казактардан уят болмасын, деп ырымдаган турлери го.тусинбейтин не бар?!

  5. Негізі Новая волнадағыдай сияқты талап күшті болса, Түрквижнда анау-мынау, олай емес дегенді айтқызбас еді. Сонда да құтты болсын. Маған Орда тобындағы Ерболаттың інісінің тілін бұрап айтқаны ұнамады

    • Анау ұнамайды мынау ұнамайды, Қайраттың концерті ол ұнамайды енді екінші орын алып еді “орда”- жын шайтан болып кетті , сонда жақсы адам барма қазақта?

    • Қуану керек мұндай жағыдайда, МашАлла орын алды. Менде бұл топты ұнатпаймын но олардың да өз көрермендері бар. Оны міне мойындатты, молодцы

  6. Арине айта беремиз.тил кеспек болсада, бас кеспек жок.! Алсын.алга шыксын.разве мы против.казахстан деген аттары бар.булардан да баска”жуйриктер”шапканда 1орын аларма еди, деген арман тилек кой биздики.айтпесе бизден бирдене сурап жаткан ким бар.сен жарыл дегенде жарылайын деп жаткан ешким жок.ондай нарсе болып жатса, хабарлаймыз саган.той жасайсын ба? Ол да кудайдын иси.арким оз ойын айтты.оган бола шапшудын не кажети бар.?

  7. Орын алғандары құтты болсын!!! Сырғаларын сылдырлатпай тастайтын шығар құрсын,сылқым жігіттер )))

  8. Түріктердің Тюрквижны Евровидение емес! Түріктердің негізгі мақсаты түркі елдерін біріктіріп басын қосып әрі сол Европаға түркі нақыштағы сайыстарын паш ету… қателеспесем. Қазақы емес бірақ түркі нақышта. Әрі кешегі әншілерінің де 80% түрік тілінде айтты емес пе? Орданың кешегі өнерін өз басым европа стилінде де ғажап айтты деп айта алмаймын!

    Орданың европасы біздің жастардың арасында алдыңғы орында екенін енді жасыра алмаймыз, бірақ ел атынан баратын үлкен додаға лайық топ болмады

  9. Бул казаққа унайтын адам ешкашан табылмас. Мыкты болсаңдар өздерің бармадыңдарма? Жюрилердің барлығының көзі сокыр, кулағы керең есес шыгар. 2 ші орын беріп отырса жігіттер лайықты болған соң берген гой. Іштарлықты қою керек сияқты! Кең болсаң кем болмайсың дейді!

Пікір қосу