Еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Синоптиктердің болжауынша, еліміздің кей жерлерінде қар жауады, жаяу бұрқасынмен, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Дереккөз: kazhydromet.kz
0
ауа райы қар жаңбыр

Еліміздің оңтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерінде тұман болады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жаяу бұрқасын болады.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу