Теңге банкноттары қалай өзгерді?

1993 жылдан бастап 23 жылдың ішінде теңгенің банкноттары бірнеше рет жаңартылды. Осы орайда өткенге шегініс жасап, ескі теңгені есімізге түсіруге тырыстық. Дереккөз: BAQ.kz

0
Теңге тарихы

1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге айналысқа енгізілді.  Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болған екен.

1 теңге Әл Фараби

3 теңге5 теңге10 теңге20 теңге50 теңге100 теңге1993 жылы алғашқы тиындар қағазбен басылып шыққан болатын. Аз уақыттан кейін осы қағаз тиындар айналымнан алынып тасталынып, олардың орнына монета нысанындағы тиындар айналымға жіберілді.

200 теңге500 теңге1000 теңге2000 теңге5000 теңге10 мың теңгеАлғашқы теңге әлемге осындай банконттармен танылған еді. Кейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноталардың келбетіне өзгерістер енгізіп шығарды. Мұндағы шаралар банкнотадағы адам бейнесінің болмауын және олардың қорғаныс қабілетінің жоғары болуын көздейді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!